Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған дерекке сүйенсек, жобаның жалпы құны 40,6 млрд теңгеден асады.
Әкімдіктің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жариялаған конкурсқа сәйкес, құрылыс жұмыстары ұшу-қону жолағын қайта салуды, жаңа ИВПП-2 мен рулеждік жолақтарды тұрғызуды қамтиды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл – аймақ әуежайының өткізу қабілетін арттырып, халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуге жол ашатын маңызды қадам.
"Шымкент – еліміздің үшінші мегаполисі. Мұндағы әуе қатынасының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру – тек қала үшін емес, тұтас өңірдің дамуы үшін стратегиялық маңызға ие", – делінген жоба сипаттамасында.
Байқауға өтінімдерді қабылдау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.
Мамандардың айтуынша, реконструкция аяқталған соң Шымкент әуежайы жолаушылар ағынын бірнеше есе ұлғайтып, жаңа бағыттарды игеруге мүмкіндік береді.