Шымкент әуежайында ер адамнан 24 діни кітап тәркіленді

600

Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны Медина-Шымкент бағытындағы әуе рейсімен ұшып келген екен.  

Шымкент әуежайында ер адамнан 24 діни кітап тәркіленді Фото: polisia.kz

Әуежайда тексерістен өту кезінде одан діни мазмұндағы 24 кітап анықталып, тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жолдады.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 173 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге салайық, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" ҚР заңының 9-бабының 3-бөлігіне сәйкес әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, Қазақстан аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әкелуді дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін тіркелген діни бірлестіктер ғана жүзеге асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу