Әуе компаниясы Шымкент әуежайының ұшу-қону жолағында ұшақтың итпен соқтығысқанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға жолаушылар рейсі қонғаннан соң болған.
– Салдарынан әуе кемесінің кейбір бөлшектері зақымданды. Қазіргі уақытта ауыстырылуы тиіс барлық қосалқы бөлшек Алматыдан жеткізіледі, – деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Иттің ұшу-қону жолағына қалай кіріп кеткені де тексеріліп жатыр.
– Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Ұшу қауіпсіздігі әуе компаниясының негізгі басымдығы саналады, – деп нақтылады компания өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу