Шымкент әуежайында табылған 111 мың доллар мемлекет пайдасына берілді

1034

7 жыл бойы иесі табылмаған ақшаны 19 қыркүйекте Шымкенттің Абай аудандық соты "иесіз" деп танып, мемлекеттік бюджетке аударуға шешім қабылдады.

Шымкент әуежайында табылған 111 мың доллар мемлекет пайдасына берілді

Шымкенттегі Абай аудандық сотының шешімінен кейін мемлекеттік бюджет 111 мың долларға байыды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Көлемді қаражатты қазақстандық шекарашылар Стамбул – Шымкент ұшағын тексеру кезінде тауыпты. Алайда ақша жолаушылардың ешқайсысына тиесілі болмай шықты.

Тәркілеуді ресімдеген шекара сақшылары бүкіл материалды көліктегі полицейлерге тапсырып, олар контрабанда дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Ұшақтан 111 мың доллар табылғалы бері жеті жыл өтсе де, иесі анықталмады. Осы уақыт аралығында ақша айғақ ретінде тергеуде сақталған. Заңның механизмдері мен баптары ірі сомаға құқықтық мәртебе беруге кедергі жасап, тек биыл ғана заңдағы өзгерістерге байланысты контрабандалық қаражат заңдастырылып, мемлекет бюджетіне аударылды.

"Биыл қылмыстық жауапкершілікке тартылу үшін контрабандалық ақша көлемінің шектік мәні артуына байланысты заңға өзгертулер енгізілгеннен кейін қылмыстық іс тоқтатылды", — деп мәлімет берді Шымкенттің көліктегі прокуратура баспасөз қызметі.

19 қыркүйекте Шымкенттің Абай аудандық соты қаражатты "иесіз" деп танып, мемлекеттік бюджетке аударуға шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу