Шымкент әуежайында жолаушы әйелдің сөмкесінен оқ-дәрі табылды

290

Оған 60 мың теңге айыппұл салынды.  

Шымкент әуежайында жолаушы әйелдің сөмкесінен оқ-дәрі табылды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Жамбыл ауданының тұрғыны Жезқазғанға ұшу үшін Шымкент әуежайына келген екен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру кезінде қызметкерлер оның заттарының арасынан тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 12 калибрлі патронды анықтаған.

Сотта әйел өз кінәсін мойындап, оқ-дәрінің сөмкесіне қалай түсіп кеткенін білмейтінін айтқан. Оның сөзінше, патронды сөмкесіне байқамай салып алған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған патрон зауыттық әдіспен жасалған және атуға жарамды болып шыққан. Заңсыз оқ-дәрі сақтағаны үшін әйелге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынуы тиіс болған. Алайда сот оның кінәсін мойындағанын, жасаған ісіне өкінгенін, бұған дейін мұндай құқық бұзушылық жасамағанын және істі ауырлататын мән-жайлардың болмағанын ескерді. Осыған байланысты айыппұл мөлшері 30%-ға қысқартылды.

Нәтижесінде Жамбыл ауданының тұрғыны 60 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Әуежайда тәркіленген патрон жойылады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу