Шымкент әуежайындағы мәселелерді шешу үшін үкіметтік комиссия құрылды

505

Үкімет басшысының тиісті өкімі жарияланды.  

Шымкент әуежайындағы мәселелерді шешу үшін үкіметтік комиссия құрылды Фото: kzavia.com

Шымкент әуежайының жұмыс істеу мәселесі бойынша үкіметтік комиссия құрылды, деп жазады inbusiness.kz.

Айта кету керек, қаңтар айында Шымкентке жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Әлихан Смайылов шаһардағы әуежайдың жай-күйімен танысып, жаңа терминал құрылысын жеделдетуді тапсырған болатын.

"Шымкент қаласы әуежайының жұмыс істеуі мәселелері жөнінде үкіметтік комиссия құрылсын. Комиссия жұмысқа дереу кіріссін. Проблемаларды шешу бойынша нақты шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін", - делінген өкімде.

Құжат қосымшасында комиссия құрамы көрсетілген:

  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
  • Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, төрағаның орынбасары
  • Шымкент қаласының әкімі
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі
  • Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
  • Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары
  • Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары
  • Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
  • Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
  • Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
  • Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары (келісу бойынша)
  • Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің өңірлік инспекторы.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу