Шымкент әуежайының қызметкерлері қауіпті ауруға шалдыққан "науқасты" күтіп алды

962

Қауіпті инфекция жұқтыруы мүмкін деп күдікпен жолаушыны мамандар арнайы киімге орап, ұшақтан түсіріп алды. 

Шымкент әуежайының қызметкерлері қауіпті ауруға шалдыққан "науқасты" күтіп алды

Шымкент әуежайында жұқпалы аурулардың таралу қаупін жоюда шұғыл әрекет етуді үйрену үшін жаттығулар өткізілді, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Бүгінгі оқу-жаттығу жоғары деңгейде өтті. Қауіпті эпидемиялық аурулардың таралып кетуінің алдын алу мақсатында жүргізілуде. Күрделі жағдай туындай қалғанда, әуежайдағы барлық қызмет өкілдері жұмыла жұмыс істеп, ары қарайғы іс-қимылдарын пысықтауына септігін тигізеді", – дейді Шымкент әуежайы санитарлы карантин бақылау бөлімінің бас маманы Гарипжан Алиев.  

Арнайы оқу-жаттығуға барлық рейстердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әуежай қызметкерлері, сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары атсалысты.

Қазақстан мен Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка және Оңтүстік Америка елдерінің арасында тікелей байланыс бар. Жолаушылар ағынының көптігінен, аурудың жұғу ықтималдығы жоғары.  

"Бізге жақын шығыс елдерінен яғни, Дубай, Шарджа елдерінен рейстер келеді. Ол елдерде каронавирусты инфекция тіркеліп жатыр. 2018 жылы Грузияда Н1 және N1 тұмауы тіркелген. Аталған дерттердің алдын алу үшін қарқынды жұмыстар қажет. Арнайы қызмет мамандары оқу-жаттығу барысында өздерінің жұмыстарын пысықтайды", – дейді көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Дария Әзімбаева.

Былтыр Алматыда 10 адамнан тырысқақ ауру белгілері байқалған. Санитарлық-карантиндік бақылау қызметкерлердің қырағылының арқасында, ары қарай таралуына жол берілмеді. Осындай қауіптің алдын алу мақсатында көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Астана, Ақтау қалаларында бүгін Шымкентте оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Мұндай оқу-жаттығу жылына бір рет өткізіліп тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу