Шымкент басшылығы Наурызға қанша ақша жұмсады?

2394

Шымкентте Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған мәдени іс-шараларға әзірге қазынадан бір тиын да жұмсалмапты. Осылай деген жауаптылар мемлекеттік тапсырысты жеңіп алғандарға қаржы сәуір айында аударылады деп отыр. Ал оған дейін әрбір өткен шара есебі нақтыланады. Бұл туралы мәдениет саласының мамандары бүгін арнайы баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz "Отырар" сайтына сілтеме жасап.

Шымкент басшылығы Наурызға қанша ақша жұмсады?

Мәдениет саласына жауаптылар өткізген бұл баспасөз мәслихатында атқарылған жұмыстар мен келешекке түзілген жоспарлардан гөрі тілшілерді жақында ғана тойланған әз Наурыз мейрамына жұмсалған қаражат мәселесі толғандырды. Бұл сауал бірқатар әлеуметтік желі қолданушыларын да ойландырғаны белгілі. Себебі биылғы Наурыз мерекесіне қазынадан 500 млн. Теңгеден астам қаржы жұмсалды деген ақпарат көптің ашуын тудырған болатын. Алайда, қалалық мәдениет басқармасының басшысы бұл қаржының нақты қандай мақсатқа бөлінгенін жіктеп берді.

"572 млн теңге мәдениет шараларына жылдың соңына дейін қаралған қаражат. 213 млн теңге жұмсалды. 103 іс-шара 10 күнде өткізілді",– деді Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова.

Әз Наурыз мерекелік бағдарламасына сай ұйымдастырылған Айтысқа бөлінген қаржы көлеміне қатысты сұраққа Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары жауап берді. Шенеуніктің айтуынша, наурыз айтыс – республикалық деңгейдегі жоба.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу