"Шымкент BUS" компаниясының жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

822

Компания басшылығы мен жүргізушілер арасында екі жақты келіссөздер жүргізілуде.

"Шымкент BUS" компаниясының жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

Шымкентте 2021 жылдың 3 ақпанында "Шымкент BUS" компаниясының жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты. Олар өздеріне 300 мың теңге көлемінде еңбекақы берілуін талап етуде, деп хабарлады otyrar.kz.

Компания басшысы Азат Сахатұлының айтуынша, жүргізушілер айлығы алғашқы кезде 130 мың теңге болса, кейіннен 155 мың теңгеге дейін өскен.
Қазіргі таңда компания басшылығы мен жүргізушілер арасында екі жақты келіссөздер жүргізілуде. Қоғамдық көлік жұмысы қайта қалпына келтіріліп жатыр.

Еске сала өтсек, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында "Төлем" жүйесі енгізілген. Бірақ жүйе енгізілгеннен бастап көліктерге қойылған валидаторлардың түрлі себептермен істен шығуы тұрғындардың наразылығын тудырғаны жасырын емес. Осыған орай, 1 ақпаннан бастап жүйе істен шыққан жағдайда, қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу