Бірақ тек бір рет қана, ары қарай "төрт аяқты әртістер" де сахнаға шығады, деп хабарлады otyrar.kz.
Шымкент циркінде Лео мен Симба атты екі арыстан бар. Халық алдында өнер көрсетіп жатпаса да, "әртістер" бос жатпай, үздіксіз жаттығуда екен. Бұл туралы олардың үйретушісі Жанат Қалметова айтты.
Арыстандарды Жанат алан кезінен баулыған көрінеді. Қойылымды жануарларсыз көрсету туралы ақпарат оны таңқалдырды.
"Жаңа нөмірлер, жаңа шоуға әзірлік жүріп жатыр...біз жануарларға жауаптымыз, бұл жалған ақпарат",– дейді ол.
Цирк басшылығының сөзінше, жануарлар өзге жақта өмір сүре алмайды, үйреткен адамдарға қатты бауыр басқан.