Шымкент денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

787

Бақытжан Жолдасбекұлы 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған.  

Шымкент денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Бақытжан Жолдасбекұлы Позилов тағайындалды, деп  хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызсеті.

Білімі жоғары, мамандығы бойынша дәрігер-травматолог.

Еңбек жолын Шымкент қаласындағы мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінің аға мейіргері болып бастаған. Кейін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқытушы, Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының жедел жәрдем дәрігері, "Дәрігер Орынбаев" медициналық орталығында бөлім меңгерушісі, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары, бас дәрігері болып еңбек еткен.

2018 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін "Медикер ЮК" медициналық орталығының бас директоры қызметін атқарып келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу