Шымкентте баспанасы бүлінген бес отбасыға жаңа үй берілді

1391

Үйлердің құрылысын "Bi Group" компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізді.

Шымкентте баспанасы бүлінген бес отбасыға жаңа үй берілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов табиғи апат салдарынан зардап шеккен Елтай тұрғын алабындағы 5 отбасыға баспана кілтін табыстады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Құрылысы бір жарым айда аяқталған үйлердің өлшемі 11х11 метрді құрайды. Ал аумағы 112.36 шаршы метр. Сонымен қатар, қабырғасы газаблоктан, шатыры профнастилден салынған. Бұдан бөлек, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары да жүргізілді. Үйлердің құрылысын "Bi Group" компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізді.

Баспана иелерін жаңа қонысымен құттықтаған қала басшысы аталмыш құрылыс мекемесіне алғысын жеткізді.

Жалпы тұрғын алапта 5,5 шақырымды құрайтын 3 көше мен 1 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға бюджеттен 186,5 млн теңге қаржы қаралған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу