Шымкент хайуанаттар бағында сүп-сүйкімді қонжық дүниеге келді

691

Кішкентай қонжық алғаш сыртқа шығып, зообақ қонақтарының көзайымына айналды. 

Шымкент хайуанаттар бағында сүп-сүйкімді қонжық дүниеге келді Фото: instagram: shymkentzoo

Бұл туралы inbusiness.kz хайуанаттар бағының Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. Бөбек Тянь-Шань ақ тырнақты аюлар отбасында дүниеге келген.

Умка есімі берілген қонжық негізі желтоқсан айында дүниеге келген, бірақ көз өтпесін деген дәстүрмен хайуанаттар бағы оны енді ғана қонақтарға таныстырды. Оның ата-анасы - Бимка мен Татьяна есімді аюлар.

"Қазір Умка өзінің анасының артынан ілесіп, қоршаған ортаны қызығушылықпен зерделеп жүр. Татьяна - өте мейірімді, қамқор ана. Өзінің қонжығының қасынан бір елі кетпейді", - делінген зообақ хабарламасында.

Умканың ата-анасы − Бимка мен Татьяна 2016 жылы Алматы хайуанаттар бағынан Шымкент хайуанаттар бағына көшірілген.

Қазірдің өзінде қонжық Шымкент хайуанаттар бағына келушілер көзайымына айналды.

"Өзі сондай сүп-сүйкімді. Көз алмай қарай бергің келеді", - деген сынды пікірлер көптер жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу