Шымкент халқы картопты азырақ тұтынады

554

Бір тоқсанда жан басына шаққанда тек тоғыз кг картоп келді.

Шымкент халқы картопты азырақ тұтынады

Жылдың бірінші тоқсанында картоптың орташа тұтынылуы, жан басына шаққанда, 11,4 кг болды. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,3%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме беріп.

Картопты Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарының тұрғындары жақсы тұтынады. Бұл аймақтарда жан басына шаққанда 13,9 кг, 13,3 кг және 13,2 кг-дан келеді.

Сонымен бірге Солтүстік өңірде картоптың егіс алқабы үлкен. Солтүстік Қазақстан облысында 31,5 мың га. Павлодарда 24,9 мың га. Бұл қатарда Алматы облысы да бар (26,1 мың га). 

Тұтынудың ең төменгі деңгейі Шымкентте тіркелді: бір тоқсанда жан басына шаққанда тек тоғыз кг картоп келді. Былтырғы сәйкес кезеңнен 11,6%-ға аз.

Жалпы 2021 жылы тұтыну деңгейі айына жан басына шаққанда 3,9 кг болды. 2020 жылы – 4,2 кг, 2001 жылы – 5,5 кг болған еді.

2021 жылы картоптың жалпы түсімі 4 миллион тоннаны құрады – бір жыл бұрынғыдан небәрі 0,6%-ға артық.

Өңірлер бөлінісінде картоптың көп бөлігі Алматы (789,8 мың тонна), Павлодар (581,7 мың тонна) және Солтүстік Қазақстан (551,4 мың тонна) облыстарында жиналды.

Елде бір келі картоп бағасы, шілдедегі орташа есеп бойынша, 182 теңге болды. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,2%-ға қымбат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу