Шымкент халқының өмір сүру ұзақтығы 10 жылға өсті

1091

Мегаполистің әр екінші тұрғыны – тәуелсіздік тумасы. 

Шымкент халқының өмір сүру ұзақтығы 10 жылға өсті Фото: sputniknews.kz

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов елордада өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Шымкент қаласы халықның саны тоқсаныншы жылдары 400 мың адам болса, қазір 1 млн адамнан асты. Шаһардың әр екінші тұрғыны – тәуелсіздік тумасы. 30 жыл бұрын қалада 69 мың оқушысы оқитын 72 мектеп болса, қазір 226 мың бала білім алатын 186 мектеп бар. Қала тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 10 жылға өсті. 1991 жылы орташа жас 63 болса, қазір 71 жастан асты. Осыдан 30 жыл бұрын қалада 832 шақырым жол болса, бүгінде 4 есе өсіп, 3331 шақырымға жетті. Бұл жетістіктің барлығы да Шымкент қаласы тұрғындарының бірлігі мен іскерлігінің арқасында болып отыр", – деді қала әкімі. 

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу