"Шымкент – қайырымды қала" қорына 100 млн теңгеден астам қаржы түсті

1306

Қызметтік борышын өтеу барысында қаза болған дәрігерлердің отбасына қор тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді.

"Шымкент – қайырымды қала" қорына 100 млн теңгеден астам қаржы түсті

Шымкентте жомарт жандар "Шымкент – қайырымды қала" әлеуметтік-қайырымдық қорына бүгінге дейін 100 млн теңгеден астам қаржы аударған. Бұл туралы қор директоры Дәуренбек Құрбаниязов мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, бұл қаржыға 5 дана өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты алынған. Құралдардың төртеуі жаңа жұқпалы ауруханаға, біреуі кардиологиялық орталыққа орнатылған. Бүгінде осы мақсатқа жұмсалған қаржы көлемі 90 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар, қызметтік борышын өтеу барысында қаза болған дәрігерлердің отбасына да "Шымкент қайырымды қала" қоры тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді.

Күні бүгінге дейін қордың көмегімен қосымша ашылған провизорлық орталықтардағы төсек-орынға арналған 30 кереует пен 2400 литр минералды су алынған. Алдағы аптада 10 мың бетперде мен 1000 дана медициналық киім тарату жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу