Шымкент қалалық еңбек мобильділігі орталығының басшысы қамауға алынды

391

Ол 200 мың теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді.

Шымкент қалалық еңбек мобильділігі орталығының басшысы қамауға алынды Фото: inbusiness.kz

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

"Ол "Бастау Бизнес 2023" ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді", — деп жазды Антикордан.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу