Шымкент қаласы әкімінің екі орынбасары қызметінен кетті

1193

Екі орынбасардың қызметінен кету себептері Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде көрсетілмеген. 

Шымкент қаласы әкімінің екі орынбасары қызметінен кетті

Шымкентте қаласы әкімінің орынбасарлары Ербол Садыр мен Алмасбек Мамытбеков қызметтерінен босатылды. Бұл туралы  otyrar.kz  хабарлайды.

Екі орынбасардың қызметінен кету себептері Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде көрсетілмеген.

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен әкімнің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы және қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды.

Садыр Ербол Әбілхайырұлы 2019 жылдың тамыз айынан, ал Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы 2020 жылдың ақпан айынан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу