Шымкент қаласы әкімінің орынбасары жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды

656

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды Фото: gov.kz

"2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховты ұстады", делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу