Шымкент қаласы әкімінің төрт орынбасары науқастанып қалды

653

Медициналық тексеруден өткен Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтен қауіпті індеттің белгілері анықталмады.  

Шымкент қаласы әкімінің төрт орынбасары науқастанып қалды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрт орынбасары науқастанып қалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мәлім етілгендей, пневмонияға шалдыққан қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мен орынбасар Алмасбек Мамытбеков ауруханада емделіп жатыр. Тағы екі орынбасары Мақсұт Исақов пен Нұрсадық Ергешбек те суықтап қалғаны белгілі болды.

"Қазір қала әкімінің бір орынбасары Бауыржан Мамыталиев – қызмет бабында. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өзі бірер күн бұрын ғана қалыпты жұмыс тәртібіне оралды. Ол бұған дейін оқшауланып, қашықтан жұмыс істеген болатын", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу