Шымкент қаласы аумағында 10 шағынаудан оқшауланды

912

Төтенше жағдай жөніндегі штабының мәліметінше, карантин жарияланған аумақтарда жалпы 321 қызметкер жұмылдырылған.  

 Шымкент қаласы аумағында 10 шағынаудан оқшауланды

Шымкент қаласы аумағында 10 шағын аудан оқшауланып, карантинге жабылды, деп хабарлайды  қалалық төтенше жағдай жөніндегі штабы.

Олардың қатарында 115 полиция қызметкері, 14 қарулы күштер және 192 ұлттық ұлан сарбаздары 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда.

"Карантинге жабылған аумақтардың қатарында жұқпалы аурулар емханасы мен "Атамекен", "Мейірім" оңалту орталығы, Екінші қалалық емхана (Медикус), Жаңаталап м.а., "Самал-1" шағынауданы, Мақталы көш №120А,Төрекұлов №204, 8-шағынауданы және Желтоқсан көшесі 3 А үй бар.

Еске сала кетсек, бүгінде қалада жалпы коронавирус жұқтырған 14 адам тіркелген. Науқастардың 10-ы індет жұқтырғандармен байланыста болған. 12 науқастың жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағаласа, 51 жастағы пациенттің жағдайы ауыр әрі орташа динамикамен деп бағалауда. Тіркелген барлық жағдайлар бойынша байланыста болған 327 адамның 274-і стационарлық карантинге алынса, 53 адам үй жағдайында бақылауға аылнған. Карантиндік стационарлардағылардың денсаулық жағдайы да қанағаттанарлық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу