ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов полиция генерал-майоры, 56 жастағы Думан Таевты Шымкент қалалық ІІД бастығы етіп тағайындады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Ол бұған дейін Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы болған.
Жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таныстырды.
Таев Думан Әшкенұлы 1967 жылы 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің ІІБ ППҚ жеке ротасының милиционері болып бастаған.
Ал, бұған дейін Шымкентте Полиция департаментін басқарған Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков Жетісу облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығына ұсынылып отыр.