Шымкент қаласы, ШҚО, Қарағанды облыстарынан төтенше жағдай режимі алынды

1142

Бұл туралы Президент Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Шымкент қаласы, ШҚО, Қарағанды облыстарынан төтенше жағдай режимі алынды

"Шымкент қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 734 Жарлығымен енгізілген Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын",- деп жазылған Құжат мәтінінде. 

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында да төтенше жағдайдың күшін жою туралы Жарлық етті.

Еске сала кетсек, еліміз бойынша ТЖ режимі 5 қаңтарда енгізіліп, бірқатар шектеу шаралары қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу