Шымкент қаласы ТЖ департаментінің басшысы тағайындалды

560

Ұжымға жаңа басшыны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Бауыржан Сыздықов таныстырды. 

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің басшысы тағайындалды Фото: ҚР ТЖМ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы болып Қуанар Базарбаев тағайындалды, ол бұрын Астана қаласы ТЖ департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Қуанар Базарбаев 1967 жылы 24 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы, Шалақын  ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келген. 2005 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі инженері" мамандығы бойынша бітірген.

Азаматтық қорғау органында 1992 жылдан бастап қызмет етуде, еңбек жолын өрт сөндірушіден бастаған. Инспектор, кезекші өрт сөндіру қызметінің басшысы, өрт сөндіу бөлімнің бастығы болып жұмыс істеді. 2015 – 2020 жылдары – Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, 2020 – 2023 жылдары Астана қаласының ТЖ департаментінің бастығы.

Вице-министр Бауыржан Сыздықов Қуанар Базарбаевты тағайындалуымен құттықтап, мегаполис халқының қауіпсіздік мәдениетін арттыру бағытында жұмысты ерекше атап, табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу