Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары қабылданды

954

Кешенді жоспарда барлық іске асыру кезеңінде жалпы 1 трлн теңгеден астам сомаға 89 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған.

 Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары қабылданды

ҚР үкіметінде Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары қабылданды, деп хабарлайды  primeminister.kz.

Кешенді жоспарда барлық іске асыру кезеңінде жалпы 1 трлн теңгеден астам сомаға 89 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде 836 млрд теңге (65%) жеке инвестициялар есебінен, 68 млрд теңге – МЖӘ арқылы.

Көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша 2020 жылы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысын және теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланған.  Сонымен қатар, Ташкент даңғылын жалғастыру және А2 айналма автожолының құрылысы қамтамасыз етіледі.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қаланы энергиямен қамту және газбен қамтамасыз ету үшін газ тарату станциясының (АГРС-3), сондай-ақ ERG компаниясының жеке инвестициялары есебінен қуаты 450 мегаватт бу-газ қондырғысының құрылысын аяқтауды тапсырды.

Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД мәдени астанасы болып жарияланды. Осы ретте мемлекеттік органдарға әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың әзірлігін уақытылы қамтамасыз ету тапсырылды.

"Кешенді жоспарды іске асырудың арқасында Шымкент қаласының жалпы өңірлік өнімі 2018 жылғы 2 трлн теңгеден, 2023 жылға қарай 3,5 трлн теңгеге дейін жеткізіледі", – деді Асқар Мамин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу