Шымкент қаласында 1,5 млрд теңге бюджет қаржысы игерілмеген

110

Шымкент қаласының әкімдігі бюджеттен миллиардтап бөлінген ақшаны уақытында игермей, қазынаға кері қайтаруға мәжбүр болған.   

Шымкент қаласында 1,5 млрд теңге бюджет қаржысы игерілмеген Фото: capital-city.kz

Мегаполисте 31 лауазым иесі жазаланып, екеуі қызметтен қуылды, деп жазады inbusiness.kz сайты qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қолға берген қаржы игере алмағандардың тобын полиция департаменті мен аудан әкімдігі аппараттары бастап тұр. Тәртіп сақшылары 545 миллион теңгені жарата алмай қазынаға қайтарып берсе, жергілікті билік құрылымдары 431 миллион теңгенің жұмысын үйлестіре алмаған.

Сондай-ақ білім, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, жұмыспен қамту басқармалары да қолдағы бар ақшаны іске жаратпаған. Оған мердігерлердің тауарларды мерзімінде жеткізіп бере алмауы, атқарылған жұмыс актілерін дер кезінде ұсынбау және сот процесстерінің аяқталмауы себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу