Шымкент қаласында битум тапшы

530

Қаладағы битум тапшылығына байланысты 25 нысанда құрылыс жұмыстары тоқтап тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шымкент қаласында битум тапшы

Соның салдарынан 12 шақырым жол әлі толық төселіп біткен жоқ. Оның дені қаладағы ішкі орамдық көшелер. Мердігерлер биыл жөнделуі тиіс болған жолдардың астыңғы қабатына асфальт төсегенімен, үстіңгі бетіне қажетті құрылыс материалын таба алмай отыр. Аймақта бір ғана кәсіпорын битум шығарады. Зауыт тәулігіне 1 мың 250 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Алайда әлі күнге 40 пайыз өндіріс қуатымен жұмыс істеп тұр. Өйткені шикізат жеткізе алмайды. Оған қажетті материал бұған дейін Ресей Федерациясынан жеткізілген.

"Тығырықтан шығудың жолы министрлікпен, комитетпен тығыз байланысты деп отырмыз. Күнделікті жиналыстар өтіп жатыр. Әр компанияға қанша битум қажет соның ақпарын беріп отырмыз. Өзіміз тараптан битум тасымалдаушы трейдерлермен байланыстамыз", – деп мәлімдеді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Өмір Қалыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу