Шымкент қаласында CityPass бірыңғай туристік картасы іске қосылады

110

Бұл жоба қала қонақтарына мәдени нысандарға, ойын-сауық орталықтарына, мұражайларға және басқа да көрікті жерлерге жеңілдікпен кіру мүмкіндігін ұсынады.  

Шымкент қаласында CityPass бірыңғай туристік картасы іске қосылады Фото: primeminister.kz

CityPass картасы Шымкент қаласының туристік әлеуетін арттыру, қонақтарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа жүйе туристерге уақытты үнемдеуге, негізгі нысандарға қолжетімділікті арттыруға көмектеседі.

Картаны онлайн платформа арқылы немесе арнайы сату нүктелерінен сатып алуға болады. Бағдарлама аясында қосымша жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар қарастырылған.

"CROCOS" ЖШС компаниясы бұл жобаны іске асыру арқылы Шымкенттің туристік инфрақұрылымын дамыту, қалаға келетін қонақтардың санын арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсартуды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу