Шымкент қаласында электр энергиясын беру уақытша шектелді

409

Аптап ыстыққа байланысты мегаполисте электр энергиясын тұтыну бойынша шектеулер қойылып отыр.  

Шымкент қаласында электр энергиясын беру уақытша шектелді Фото: otyrar.kz

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өңірде аптап ыстыққа байланысты "ТЭЦ-3"-тің электр энергиясын өндіру көлемі 70 мегаваттан 0 мегаватқа дейін төмендеген. Осыған байланысты "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС электр энергиясын тұтынуға уақытша шектеу енгізген. Нәтижесінде қала бойынша электр энергиясын тұтыну 10 мегаватт көлемінде азайып отыр.

"Алдағы уақытта қала аумағында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты кейбір аудандарда электр энергиясы ішінара өшірілуі мүмкін. Қалада электр желілерінің тозығы жеткен жерлері көп. Оның көлемі 50 пайыздан асатынын хабарлаған едік. Тозу деңгейі өте жоғары", – деді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Жергілікті билік өкілдері тұрғындардан аталған уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу