Шымкент қаласында қыз алып қашу фактісі бойынша сот отырысы өтті

254

Аталған қылмыстық іс Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.  

Шымкент қаласында қыз алып қашу фактісі бойынша сот отырысы өтті Фото: Егемен Қазақстан

Сотта Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны Instagram арқылы шымкенттік қызбен танысқаны анықталды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін сотталушы Шымкент қаласына келіп, қызды үйлену мақсатында Жаңаөзен қаласына күштеп алып қашқан, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сотта сотталушы өз кінәсін мойындады. Жәбірленуші сотталушыға кешірім беріп, бас бостандығынан айырмайтын жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

"Жаза тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың болмауын, жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оның кінәсін толық мойындауын, жеке басын, бұрын сотты болмағанын және жәбірленушінің сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған пікірін ескерді. Сот үкімімен Г. ҚК-нің 125-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, жаза шартты деп белгіленді", - деп хабарлады 2024 жылы 16 сәуірде Шымкент қалалық соты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу