Шымкент қаласында өңіраралық инвестициялық форум басталды

504

Шараға Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының тауар өндірушілері қатысып жатыр.  

Шымкент қаласында өңіраралық инвестициялық форум басталды Фото: gov.kz

Форум барысында өңіраралық көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылған, деп жазады inbusiness.kz.

Көрменің басты мақсаты – отандық тауар өндірушілердің жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерімен кеңінен танысу, жаңа серіктестер іздеу және өзара тиімді келісімдер жасасу. Көрме отандық өндірушілерді насихаттауға бағытталған және кәсіпорындарды дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және импортты алмастыратын өнімдердің ассортиментін арттыруға ынталандыруды көздейді.

Шараға іскерлік байланыстарды орнату үшін мердігер компаниялар, әртүрлі саладағы жобалық ұйымдар, қонақ үй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар және жергілікті атқарушы органдар шақырылған.

Көрмеде химиялық, машина жасау, тамақ, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары мен агро-өнеркәсіп кешенінің 100-ден астам кәсіпорны өз өнімдерін ұсынуда. Сондай-ақ қолөнершілердің бұйымдары қойылған.

Көрме-жәрмеңкеде өңірлер арасында кәсіпорындар ынтымақтастық жөнінде келіссөздер жүргізіледі деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу