Шымкент қаласында Орталық Азия сауда форумы өтуде

1483

Дәстүрлі түрде өтетін форум тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр.  

Шымкент қаласында Орталық Азия сауда форумы өтуде

Шараға  Шымкент қаласы әкімдігі мен USAID  қолдау білдірген. Шараға қатысқан қала әкімі Ерлан Айтхананов шаһардың инвестициялық жобалары мен туристік әлеуеті жайлы қысқаша баяндады.

"Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД-ның мəдени астанасы болып белігіленіп отыр.  Осы -іс-шара аясында қазір Шымқалада бірқатар жобалар қолға алынуда. Бүгінде қаламызда азық-түлік сақтайтын бірнеше қойма бар. Олардың қатары əлі артады. Болашақта Шымкент қаласы сауда өнеркəсібі дамыған ірі орталыққа айналатын болады", – деді Ерлан Қуанышұлы.

Айта кету керек, форумға Орталық жəне Оңтүстік Азиядан, Еуропадан жəне АҚШ-тан 500-ден астам мемлекет, бизнес жəне азаматтық қоғам  өкілдері қатысып жатыр.

"АҚШ-тың үкіметі аймақтағы сауда мен инвестицияның өсуіне жəне Орталық Азия халықтарының əл-ауқатының жақсаруына қолдау көрсетеді", – деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу