"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен Шымкент қаласы аумағында орналасқан жанар-жағар май кұю бекеттеріндегі дизель отыны тапшылығы бойынша қолдан кедергі жасау фактілері және әлеуметтік желілерде таралған коғамдық резонансты тудырған мәселелерге байланысты мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында SINOOIL және Гелиос жанар-жағар май құю бекеттерінде дизель отынын сату нарығында көлік жүргізушілердің құқықтарын шектеуге жол бергені анықталды", - делінген хабарламада.
Департамент тарапынан Шымкент қаласындағы "SINOOIL" ЖШС мен "Гелиос" ЖШС филиалдарына кәсіпкерлік кодекстің 199 бабы, 1-тармағына сәйкес бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жіберілді.
Аталған кодекстің 170 бабы, 1-тармағының 2-тармақшасы сәйкес тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге тыйым салынады.