Тексеру кезінде заңсыз өндірістен "Alinex Glad" брендімен құрғақ құрылыс қоспалары, сондай-ақ "Қайсар" және "Крепость" кафель желімдері шығарылғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған тауар белгілерінің эксклюзивті құқық иегері – Alina Group компаниясы. Тінту жұмыстары кезінде көрсетілген брендтердің белгілері бар 860 қаптан астам дайын өнім тәркіленді.
Жиналған материалдар кінәлі тұлғаларды ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 158-бабы, яғни бөтеннің тауар белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану бабы бойынша жауапқа тартылу үшін сотқа жолданды.