Шымкент қаласында Түркия Республикасының құрметті консулдығы ашылды

640

Мұндай байланыс енді екі елдің арасындағы бауырластық және достық қарым-қатынасты нығайтуымен бірге сауда-экономикалық қатынастарды арттыра түспек, деп жазады inbusiness.kz.  

Шымкент қаласында Түркия Республикасының құрметті консулдығы ашылды Фото: aigak.kz

Құрметті консулдықтың мақсаты - екі ел туризмінің дамуына ықпал ету. Сондай-ақ сауда саттықты көбейтіп, кәсіпкерлік, өнеркәсіп салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру.

"Екі ел арасында ерекше достық, бауырластық қарым-қатынас қалыптасқан. Біздің Шымкент шаhарына келуіміздің негізгі себебі - сол байланысты одан әрі нығайту. Жақын арада біз Түркістан қаласында да консулдығымызды ашуды жоспарлап отырмыз", - деді Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу.

Түркия Республикасының сыртқы істер министрі сапар аясында түрік жұртына танымал ақыны, Ясауидің рухани шәкірті Юнус Эмренің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Екі жақты кездесу барысында Шымкент қаласының әкімі Қазақстан мен Түркия Президенттерінің жыл сайынғы кездесуі достық пен мемлекетаралық қатынастырды әрі қарай нығайтуға негіз болатынын айтты.

Түркия Сыртқы істер министрі Шымкентке сапары аясында қала әкімінің қатысуымен жергілікті бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Онда сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу