Шымкент қаласында уланған екі бала қайтыс болды

1058

Оларға бастапқыда "тамақтан уланған" деген диагноз қойылған. 

Шымкент қаласында уланған екі бала қайтыс болды

Шымкентте улану белгісімен ана мен үш бала ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар басқармасы.

Ведомствоның мәліметінше, өткен жексенбіде жұқпалы аурулар ауруханасына 1987 жылы туылған әйел мен оның 2018 және 2015 жылы туылған ер балалар және 11 жасар қыз түскен. Оларға бастапқыда "тамақтан уланған" деген диагноз қойылған.

Кейін әйелді екі баласымен қалалық орталық аурухананың токсикология бөліміне ауыстырылды.

"Сағат 11-де жұқпалы аурулар ауруханасында 2015 жылы туған ер бала қайтыс болды. Кейін 14.00-де токсикология бөлімінде 2018 жылы туған ер бала қайтыс болды. Өлім себебі анықталып жатыр. Сот медсараптама тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.

ТЖ отбасы департаменті отбасы отралық жылумен жылынатын көпқабатты үйде тұратынын мәлім етті.

"Оқиға орнын мұқият тексергеннен кейін, газдан улану фактісі тіркелген жоқ", – деп толықтырды ТЖД.
         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу