Шымкент қаласында заңсыз онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды

87

Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.

Шымкент қаласында заңсыз онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды Фото: comp-web-pro.ru

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз онлайн-ойын бизнесін ұйымдастырған адамдар тобының әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдіктілер екі жыл бойы "TauBrat" парақшасы арқылы TikTok және YouTube платформаларында тікелей эфирлерде "Тринька" атты заңсыз құмар ойын өткізген.

Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін олар банктік карталар рәсімделген "дроптарды" пайдаланып, ақша қолма-қол шығарылған.

Жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігін және тұрғын үйі бар жер телімін сатып алған.

Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу