Шымкент қаласындағы жүрек орталығы Назарбаев университетінің меншігіне берілмек

916

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің University Medical Center корпоративтік қорын дамыту жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жол картасынан белгілі болды. 

Шымкент қаласындағы жүрек орталығы Назарбаев университетінің меншігіне берілмек Фото: Otyrar.kz

"Шымкент қаласының жүрек орталығы" КеАҚ акцияларының 100 пайыз мемлекеттік пакетін "Назарбаев Университеті" ДББҰ меншігіне беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қаулы жобасы тамыз-қыркүйекте Үкімет аппаратына енгізіледі. 

Құжат жобасына сәйкес, Шымкент қаласының жүрек орталығына оңтүстік өңірдің қан айналымы жүйесі аурулары бойынша көрсеткіштерді жақсарту міндеті жүктелмек. Атап айтқанда, 2023 жылы келесі көрсеткіштерге қол жеткізу көзделген: 

қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық (100 мың тұрғынға шаққанда) – 2402;

олардан болатын өлім (100 мың тұрғынға шаққанда) – 125. 

Сондай-ақ, жалпы Қазақстан бойынша 2026 жылға қарай қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткішін 20 пайызға төмендету жоспарланып отыр. Бұл үшін ҚР халқына кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті жетілдіру жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасын әзірленбек. 

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 4 шілдеге дейін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу