Шымкент қаласының бірқатар бөлігіне табиғи газ беру тоқтатылды

670

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Шымкент филиалы жоғары қысымды газ құбырында апатты жағдайдың туындауына байланысты бірқатар учаскелер мен объектілерде газ беру тоқтатылатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Шымкент қаласының бірқатар бөлігіне табиғи газ беру тоқтатылды Фото: bsgp.kz

Ақпаратқа сәйкес, тұрғын, қоғамдық және коммерциялық бағыттағы нысандарды қоса алғанда Наурыз, Тұран, Түркістан, Бам, Нұрсат, Қайтпас, әкімшілік-іскерлік орталық ауданында газ беру тоқтатылады.

Тұмар ТК, Дендропарк ТК, Биік ТК, Сайман, Наурыз парк ТК, Нұрсат ықшам-ауданы қазандықтарында газ болмайды . Сонымен қатар, Қазына қонақ үйі, Рамада қонақ үйі, Гипер Хаус сауда үйі мен Бәйдібек би даңғылында "Бозарық" айналмасынан Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықтағы нысандарда газ беру тоқтатылды.

Сала мамандарының ақпаратынша, құбырда газдың ауаға тарауы апатқа себеп болған.

"Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін газ беру қалпына келеді. Барлық абоненттерге газ құбырларын қоспауды ескертеміз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген газ компаниясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Газбен бірге осы аудандарды жылумен қамтып отырғант қазандықтардан жылу да өшірілді. Өйткені, қазандықтар газбен жылытылады. Сала мамандары кешке дейін газ беруді қалпына келтіруге уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу