Шымкент қаласының соттары қызметтік көліктерін таксиге алмастырды

796

Соттар 6 мамырдан бастап жұмыс уақтысында  таксимен жүретін болды.

Шымкент қаласының соттары қызметтік көліктерін таксиге алмастырды

Шымкент қаласының соттары қызметтік көліктерін таксиге алмастырды. Бұл бастаманы соттар бюджеттік шығындарды үнемдеу мақсатында қолға алып отырғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соттар 6 мамырдан бастап жұмыс уақтысында  таксимен жүретін болды.

Қалалық соттар Әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесовтың сөзінше, мұндай жаңашылдық бюджеттік шығындарды кемінде 2 есеге қысқартады.

"Бұдан былай, жаңа қызметтік көліктерді сатып алудың, оларды жаңартудың, сервис пен жөндеу жұмыстарына шығындалудың, жанар-жағармай сатып алудың, сонымен қатар штатта көлік жүргізушісі бірліктерін қамтудың қажеті болмайды. Таксиге ауысу арқылы, қызмет бәсекелестік ортаға бағыт алып, сол арқылы шағын және орта бизнестің дамуына қолғабыс болады", – дейді Нұрсұлтан Байтілесов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу