Шымкент кәсіпкерлерінің 45,9 миллиард теңге көлеміндегі салыққа берешегі кешірілді

1082

5 мыңға жуық шымкенттік шағын және орта бизнес субъектілері рахымшылыққа іліккен.

Шымкент кәсіпкерлерінің 45,9 миллиард теңге көлеміндегі салыққа берешегі кешірілді

45,9 млрд теңге салық берешегі бар 5 мыңға жуық шымкенттік шағын және орта бизнес субъектілері рахымшылыққа іліккен, деп хабарлайды otyrar.kz.

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын заң күшіне енгені белгілі. Ал 2019 жылдың 8 ақпанынан бастап берешекті төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енген болатын.

Осыған орай, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарымен 2018 жылдың 1 қазанында болған жалпы сомасы 9 млн теңгені құрайтын негізгі қарызын төлеген 51 салық төлеушілердің 2 млн теңге өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім қабылданыпты. Өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылады.

"Былтырғы жыл бойынша берешегі бар тұлғаларға өсімпұлы мен айыппұлы есептен шығарылады. Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен 174 салық төлеушілердің 14 млн теңге сомасындағы берешегі төленіп, 7 млн теңге өсімпұлы есептен шығарылған. Салық кодексіне сәйкес алдымен хабарлама жолдаймыз. Оны орындамаған жағдайда касса бойынша, банк бойынша шығыс операцияларын тоқтату бойынша өкімдер шығарылады. Оң нәтижеге әкелмеген жағдайда инкассалық өкімдер шығарылып, борышкерлердің мүліктеріне шектеу қойылады", – дейді Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаменті мәжбүрлеп өндіру басқармасының басшысы Бекжігіт Әбіт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу