Шымкентте кинолог мамандарға қызметтік-іздестіру иттерін оқыту курсы басталды. АҚШ-тан келген оқытушы-кинологтар мен жергілікті мамандар кинология саласының соңғы тәсілдерін меңгеруде тәжірибе алмасуда, деп хабарлайды otyrar.kz.
Бір айға жалғасатын оқыту курсының алғашқы күні кинологтар мен ақылды иттер өздеріне берілген барлық тапсырманың үдесінен шықты. Қазір кинологиялық тәлімбақта 25 ит бар. Олардың төртеуі жарылғыш заттарды іздестіруге, бірі валюта табуға машықтанған. Қалғандары есірткі бизнесінің жолын кесуге үйретілуде.
Айта кетейік, жыл басынан бері кедендік шекарада офицер-кинологттар мен олар үйреткен қызметтік иттердің іздестіруімен есірткі кантрабандасының 46 дерегі анықталған. Осы уақыт аралығында заңсыз айналымнан жалпы көлемі 800 келіден аса есірткі заты тәркіленді.