"Shymkent" ӘКК" АҚ ұжымы жарылыстан зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударды.
"Өздеріңіз білетіндей, бүгін Арыс әскери бөлімінде жарылыс болды. Тұрғындар эвакуацияланды. Бірнеше зардап шеккендер бар, олар ауруханада. Бұл қиын уақытта біз отандастарымызды қолдауға тиіспіз. "Shymkent" ӘКК АҚ-ның барлық ұжымы зардап шеккен отбасылар мен Арыс тұрғындарына бір күндік жалақысын аударды. Сіздерді де сауапты бастамаға қосылуға шақырамыз. Жұмыла жұдырық болайық!", – деп жазды "SHYMKENT" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов Facebook-тегі парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу