Шымкент көшелері су астында қалды

1461

Жақында жауған жаңбырдың арты нөсерге ұласып, кешке қарай қаланың ондаған көшесін су басқан.   

Шымкент көшелері су астында қалды

Кезекші қалалық төтенше жағдайлар департаментіне алғашқы хабарламалар 15 ақпан күні кешкі сағат жетіде түсті. Зардап шеккен аудандарға құтқарушылар мен арнайы техникалар жіберілді, деп хабарлайды   otyrar.kz.

Бір тәулік ішінде шымкенттік өрт сөндірушілер су жиналған жерге төрт рет барды. Абай ауданы, Темирланов тас жолы және Мангелді, Мырзабеков, Қаратау ауданындағы Қайтпас-1, Қайтпас-2  шағын аудандарында Болашақ көшесіндегі суды сору керек болды.  

Мамандар су сорып, арықтарды тазалады.

Еске сала кетер болсақ, 2017 жылы Шымкент қаласындағы ирригациялық жүйені жаңарту бойынша жұмыс басталған болатын. Алайда осы күнге дейін мәселе толық шешілген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу