Жауын суы көп жиналған жерде көліктің де, адамның да қозғалысы қиындады, деп жазады inbusiness.kz.
Ал оны тазартуға тиісті мамандар істің екі күннен бері өнбей жатқанын айтады.
Айта кетейік, нөсер жауыннан аймақтағы Сарыағаш, Жетісай, Мақтарал және Сайрам аудандарындағы аулаларды су басқан.
Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Мақтаарал ауданында 4, Сайрам ауданында 3 аула, су астында қалды. Жетісай мен Сарыағаш аудандарында 3 көшені су басып, 2 аулаға жайылған.
Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті полиция қызметкерлері шұғыл жұмылдырылып, нәтижесінде 2206 текше метр су сорылып, сыртқа шығарылған.