25 тамыз күні кешкі уақытта Тельман шағын ауданында жергілікті тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
40 жастағы ер адамның мәйітін қарау кезінде әртүрлі дене жарақаттары анықталды.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша тіркеді.
Күдікті ұсталды. Ол марқұмның 47 жастағы танысы болып шықты.
Белгілі болғандай, ер адамдар арасында төбелес шығып, күдікті қарсыласын нокаутқа түсіріп, кетіп қалған.
Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу