Шымкент лагерьлерінде балалардың құқығы бұзылған

502

Лагерь қызметкерлері еңбек шартынсыз жұмыс істеген.

Шымкент лагерьлерінде балалардың құқығы бұзылған Фото: Астана прокуратурасы

Шымкент қаласының прокуратурасы балалардың сауықтыру лагерлерінің қызметінде балалардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, "Hawaii" лагері өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмаған және міндеттелген  санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жүзеге асырған, ал 2023 жылы бұл лагерьге 478 баланы орналастырған. 

Ең көбі 220 баладан аспайтын "Үш бұлақ" лагерінде 310 оқушы орналастырылған, тиісінше бір баланың ұйықтайтын орны 4 шаршы метрдің орнына 2,8 шаршы метрге дейін қысқарған. 

Сонымен қатар, лагерьлердің көптеген қызметкерлері еңбек шартынсыз жұмыс істеген, медициналық қызметтерді біліктілігі жоқ және медбике маманының сертификатынсыз қызмет көрсетуде. 

Медициналық кабинеттердің өзі белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, міндетті медициналық препараттар мен жабдықтар жоқ. 

Тексеру іс-шаралары жалғасуда, нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу