Шымкент мектептері 33 млн теңге айыппұл арқалады

570

Білім ордаларында санитарлық талаптар сақталмаған.

Шымкент мектептері 33 млн теңге айыппұл арқалады

Жоспарлы тексерулер барысында Шымкенттегі 183 мектепте бұзушылықтар анықталды, деп жазады inbusiness.kz otyrar.kz порталына сілтеме жасап. 

"Тазалаудың тұрақты жүргізілмеуі, таңбаланбаған инвентарь және сынған үстелдер бойынша ескертулер жиі жасалады. Кейбір мектептерде кабинеттердегі жанып кеткен шамдар уақытында ауыстырылмаған. Айыппұлдың жалпы сомасы 33 млн теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Мамандар  оқу орындарынан бөлек 17 емдеу мекемесіне, сумен жабдықтау нысандарына және 13 өнеркәсіптік нысанға да тексеру жүргізді.

"Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың анықталған бұзушылықтары бойынша тексерулер жүргізу кезінде жалпы сомасы 83 611 245 теңгеге 529 жауапты тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Барлық айыппұлдар өндіріп алынды. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 350 ұйғарым берілді",-дейді Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов.

Алдарқұл Ахметовтің сөзінше, бүгінгі таңда барлық олқылықтар жойылып, айыппұлдар төленген. Былтыр санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тұтынушылар тарапынан шағымдардың көбеюіне байланысты мектептерге жоспардан тыс 54 тексеру жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу