Шымкент мұнай өңдеу зауытында изомеризация қондырғысының құрылысы аяқталып қалды

357

Шымкент мұнай өңдеу зауытында изомеризация қондырғысының құрылысы аяқталып қалды

"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-ның мұнай өңдеудің жаңа технологиялық желісіндегі маңызды бөлігі – шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар изомеризация қондырғысының құрылысы аяқталуға жақын қалды. Бүгінгі күні жобаның 95%-нан астамы орындалды. Соның ішінде: 4500-ден артық сызба әзірленді (100%), құрылыс алаңына жабдықтың 149 бірлігінің 147-сі жеткізілді, 142 бірлігі монтаждалды. Іргестастардың 9344 текше метрі бетондалды (92,2%), металл конструкцияларын монтаждау 100%-ға орындалды, құбырларды монтаждау аяқталып қалды (99,6%). Бұл туралы "ҚМГ ӨМ" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл ретте изомеризацияны іске қосу үшін жалпызауыттық шаруашылықтың нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Оның 84 %-дан артығы орындалды. 

Пайдалануға тапсыру 2017 жылдың маусым айына жоспарланған. 

Айта кетейік,  изомеризация қондырғысы Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес келетін К4, К5 экологиялық класты бензиннің жоғары октанды құрамдауыштарын шығаруға арналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу