Шымкент МӨЗ-де күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

1172

 Шымкент МӨЗ-де күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары ҚР энергетика министрлігі бекіткен жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесінен екі күн бұрын, 2018 жылғы 17 мамырда толық көлемде аяқталғанын хабарлады. 

Күрделі жөндеу аясында зауыттың әрі қарай ұзақ мерзімге тоқтаусыз және апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында негізгі және қосалқы цехтардың технологиялық және сорапты-компрессорлық жабдықтары, құбыр желілері, өндірістік пештері, электр жабдықтары, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдары техникалық куәландырудан және жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар, бірлесіп жұмыс жүргізу жоспарына сәйкес әрекеттегі технологиялық қондырғылар мен зауытты жаңғырту жобасы аясында салынған ірі технологиялық нысанның – RFCC каталитикалық крекинг қондырғысы кешенінің жаңа қондырғыларын бір-біріне біріктіріп, қосу жұмыстары жүргізілді.

Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін өндірістің технологиясына және қауіпсіздік ережелеріне сәйкес зауыттың технологиялық қондырғылары іске қосылып, тауарлы өнім шығарыла бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу